Орталық сипаты

«Bilim-orkeniety»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мемлекетіміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларының инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтердің тәжірибе алмасуына ықпал етуге мамандандырылған орталық. Мұнда өз ісінің нағыз мамандары, кәсіби жетік, жоғары квалификациялы, креативті жандардан құралған команда қызмет атқарады.

Миссиясы:

Мемлекеттің білім-ғылым, жастар саясатын іске асыру, ұстаздардың әлеуметтік бағытталған міндеттерін шешу және «Стратегия 2050» ұзақ мерзімді жоспарында алға қойылған мақсаттарға жету үшін, білім-ғылым, білім беру, тәрбие жобаларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты дамуына атсалысу.

Міндеттері:

  • Білім-ғылым, білім беруге арналған республикалық мәндегі қоғамдық іс-шараларды, соның ішінде дөңгелек столдар, кездесулер, конкурстар, фестивальдар, жәрмеңкелер және т.б. маңызды іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Өскелең ұрпақ, жастарымыздың бойында тәуелсіз Қазақ еліне деген құрметті күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;
  • педагогтер мен оқушылардың, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
  • оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.