Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының 2019 жылға арналған шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ
«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Жас қыран» атты талантты студенттердің кітап жинағының 2019 жылға арналған шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

  Құжаттар:

  • Ғылым саласында
  • Өнер саласында
  • Спорт саласында
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері)

жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

  Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

  Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «Жас Қыран» республикалық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент-2019» төс белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

  Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3 жақта жазылған), 2 беттен артық емес өмірбаяны (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4\5 форматтағы  сапалы суретін 2019 жылдың 15-ші ақпанына дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде қабылданады. Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота жіберілетін болады).

Жіберілетін мәліметтерге университетте оқу барысында алынған алғыс хат, грамота, диплом және т.б. мараппаттары енгізіледі (9-11 сынып арасында алған марапаттарын да қосуға рұқсат етілген).

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2019 жылдың 30 наурызында Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік студенттер» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы наурызға дейін іріктеліп алынған студенттерге жіберіледі.  Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және Астана қаласына экскурсия жасау, кофе-брейк, Елордамыздың мәдени ошақтарын аралау (музей және т.б.) қарастырылған.

Ұйымдастыру алқасының сайты

http://biork.kz/   Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet

Ескерту!!!

Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып, жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.  

 

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

+7 708 723 15 05 Аяулым

+7707 142 74 40 Саят

 

«Үздік студент-2018» жобасынан естелік суреттер

 

Место

 

 для

 

фото

ЕДІЛҚЫЗЫ ГҮЛНҰР

Еділқызы Гүлнұр 1998 жылы 27 сәуірде Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының 1 сыныпқа барған. Оқу жылдары аралығында көптеген пәндік олимпиадаларға қатысып, аудандық деңгейде жүлделер иеленген. Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, ғылыми жобалармен айналысуды ұнатады. 2013 жылы 9 сыныпты үздік аттестатпен, 2015 жылы оқу жылын «Алтын белгі» иегері болып аяқтаған. Алматы облысы, Қаратал ауданы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалавры атанып, түрік квотасын иеленді. Университет қабырғасында жүріп көптеген іс-шараларға қатыса бастады.

2015-2016 оқу жылыныда студенттердің кезекті XXIV ғылыми-теориялық конференциясында «Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру» жобасымен I дәрежелі диплом иегері. 2016 жылы Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломының иегері. Осы жылы, Шымкент қаласында өткізілген «Болашағы жарқын- Оңтүстік жастары» облыстық жастар форумы аясында ұйымдастырылған «Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу» тақырыбындағы семинар-тренингінің қатысушысы. 2016 жылы Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар- тренингінде «Елбасының бес институционалды реформасы» оқу курсын игеріп, сертификатпен марапатталған. 2016 жылы Алматы қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің VIII Республикалық пәндік олимпиадасында II дәрежелі диплом иегері. Университетімізде 2016 жылы Түркістан қаласын дамыту бойынша инновациялық жобаларды талдау негізінде студенттер арасында «Жаңа ғасырдағы Түркістан» атты дөңгелек үстелді ұйымдастырып, факультет деканының алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы «Түркістан. Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі - 2017» («Turkestan Model United Nations») конференциясының ұйымдастырушысы болды (сертификатпен марапатталды). 2017 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының қатысушысы болып, Қаратал ауданының әкімшілігінде тәжірибе жинақтап, аудан маслихаты хатшысының алғыс хатымен марапатталдым. 2017 жылы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Гази университетінен келген доктор - доцент Нилгун Горер Тамердің семинарының қатысушысы болып,көптеген тәжірибелер жинады.

2017 жылы Алматы қаласында өткізілген «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2017» республикалық байқауына қатысып, Халықаралық деңгейде әлемді жақсарту, әлеуметтік - экономикалық жағдайды, тұрмыс деңгейді жоғарылату бойынша жаңа жобаларды іске асырып, топтық деңгейде іс-шаралар атқарды. Нәтижесінде III орын иегері атанды.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Үздік жастар премиясы» жастар сыйлығының «Үлгілі студент» номинациясының иегері атанды.

2018 жылы БҰҰ-ның өкілдігі Қоғамдық ақпарат департаментінің директоры В. Самектің, «Global Shapers Community- Қазақстан», «Y-PEER Kazakhstan» секілді Қазақстандағы халықаралық жастар ұйымдарының лидерлерінің қатысуымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде өткізілген республикалық «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» жастар форумының ұйымдастырушысы болды.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Түрістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің 3 курс студенті.

Мақсаты-Болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде, еліміздің экономикасының өрлеуі барысында, өзіндік үлесін қосу.

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылы Мосты согласия қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырған

 «Үздік студент-2018» жобамызға қатысып жеңімпаз атанған студенттер туралы, университеттерінің сайттарында құттықтау посттары енгізілген, төмендегі ссылкаларға кіру арқылы таныса аласыздар!!!

1

http://www.kaznu.kz/kz/19040/news/one/13851/

 

2

http://yur.enu.kz/post/-zdik-student-iegeri-zhugralin-serikti-tty-tajmyz!

 

3

https://vuzkunaeva.kz/index.php/kz/main-news-kz/744-pobeditelnica-luchshij-student-2018-ulchenko-anna-kz

 

4

https://www.keu.kz/kz/eu-biz-turaly/murahat/5130-pobediteli-konkursa-luchshij-student-2018-goda-anat-ly-zhanajdar-i-garifullina-asiya-2.html

 

5

http://ssmu.kz/kk/news/default/view?id=3500

 

6

http://pspu.kz/%D2%AFzd%D1%96k-student

 

7

http://www.nkzu.kz/news/view?id=6832

 

8

http://kgiu.kz/2018/04/luchshiy-student-2018-godathe-best-student-of-2018%D2%AFzdik-student-2018-zhil/

 

9

http://www.kgu.kz/kk/node/1178