«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

Биыл Қазақ Елінің тәуелсіздігіне 27 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес. Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі еліміздегі ғылым және білім саласы. Қазақ Елі алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасаған бірден бір ел. Сондықтан да отандық білім саласы инновациялық негізде даму үстінде. 

Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы КММ және «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының бірігіп ұйымдастыруымен 2018 жылы наурыз айының 10-14 күндері аралығында «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.      

Ғылыми жобалар байқауына жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, студент жастар және білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары қатысты.

Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын педагогтар арасында  насихаттау арқылы ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ деген құрметін күшейту, ұлттық, патриоттық санасын ояту, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

            Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары, оқушылар мен студент жастардың  арасында өткен байқау төмендегі номинация бойынша:

  1. «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ» атты ғылыми зерттеу жобалар байқауы.

              педагогтар арасында өткізілген байқауда төмендегі номинациялар қамтылды:

  1. «ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ»;
  2. «ТАЛАПТАН ДА ӨНЕР МЕН БІЛІМ ҮЙРЕН...».

 «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі»

 атты ғылыми жобалар байқауына Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, т.ғ.д., Мақсат Алпысбесұлы, Астана қаласы әкімдігі Білім беруді жаңғырту ортылығы КММ-нің әдіскері  АМИРҒАЛИЕВА Дайра Кайнемовна,  ҚАЗгзу Гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, қоғамдық ғылымдарының академигі Ербол Елеусизов Ибрагимұлы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к., академик Жабай Нұрмақұлы ҚАЛИЕВ сынды ғалым, академиктер  байқауға әділ қазылық етті. 

            Әділқазылардың шешімі бойынша байқау қорытындысының нәтижесі

Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, білім алушылары, оқушылар мен студент жастар арасында өткен «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ» номинациясы бойынша  І орындарды Бектас Қарақат (ОҚО, Кентау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы), Алибекова Қарақат (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Бірлестік орта мектебінің оқушысы) иеленді, ІІ орындарды Сыздық Қарақат Оспанқызы (ОҚО, Кентау қаласы, Б.Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінің оқушысы), Бейсекеева Альбина (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Москалев орта мектебінің оқушысы) иеленді, ІІІ орындарды Дишенова Гаухар (БҚО, Орал қаласы, Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті), Мусахан Ердаулет (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің оқушысы) иеленді.

Оқытушылар мен педагогтар арасында өткен байқаудың «ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ-РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ» атты  номинациясы бойынша І орындарды Жұмабай Шалқар Садықовна, Нұрланова Ақжібек Ержанқызы (Астана қаласы, № 65 мектеп-гимназиясының мұғалімдері), Бірімқұлова Гульнара Сатыбалдықызы  (Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтөбе ауылы, Қ.Сәтбаев орта мектебінің мұғалімі) иеленді, ІІ орынды Үсенқұлова Сарбина Ермекқызы (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы № 29 Александр Герцен орта мектебі) иеленді. ІІІ орынды Орманова Галия Нышанбековна (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, М.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының мұғалімі) иеленді. «ТАЛАПТАН ДА ӨНЕР МЕН БІЛІМ ҮЙРЕН...» номинациясы бойынша І орындарды Есімжанова Нұргүл Калиоллановна, Сапарғалиева Жұлдыз Сериковна, Мұстафина Ардақ Жұмақанқызы (Астана қаласы, № 65 мектеп-гимназиясы мұғалімдері), Елеусизова Раушан Хасеновна (Астана қаласы, ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі, химия пәнінің оқытушысы) иеленді,  ІІ орындарды Курманкожаева Жаныл Мамытовна (Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжінің оқытушысы), Калыбекова Мейрамкул Жандосовна (Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылы Абай атындағы ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі) иеленді, Төлебек Бектас Лесбекұлы Шымкент қаласы, «Индустриалды-техникалық колледж» МКҚК, ІІІ орындарды Мурзагалиев Тулеу Жумабаевич (Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі КМҚК-нің өндірістік оқыту шебері), Сержан Жанболат (Павлодар облысы, Лебяжі ауданы Ә.Баймолдин ауылы, А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі) иеленді.

         Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысып, өздерінің үздік ғылыми жобалары мен сабақ жоспарларын, сабақтан тыс өткізілген тәрбиелік іс-шаралары, сценарилерімен ерекше көзге түскен педагогтар мен оқушы, студенттерге дипломдар мен алғыс хаттар беріледі.

          «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі»

атты ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқытушылар, педагогтер мен жастар, оқушыларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.

Құрметті байқауға қатысушылар, педагогтер мен оқытушылар және жастар!

           Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!

            Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы құтты болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!       

                       

«Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы