«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚАСИЕТТІ ТУҒАН ЖЕР» атты республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын орта және арнаулы білім беру ұйымдарында кеңінен насихаттау, жастарымыздың бойында Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметті күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, республикадағы білім беру ұйымдарымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті арасындағы байланысты арттыру.

Жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидасын насихаттау, жасөспірімдердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.

Мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер мен оқушылар үшін: «Туған жертуған көше, туған қала тарихы» атты номинация бойынша!

Оқытушылар мен мұғалімдер арасында өткізілетін байқауда: «Рухани жаңғыру: ұлт болашағының жарқын кепілі», «Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері», «Ұлттық код:ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз» атты номинация бойынша 2017 жылдың 8.11.2017-8.12.2017 ж. аралығында талаптарға сай 325 жұмыс қабылданды.

«Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» атты республикалық қашықтықтан өткізілетін ғылыми жобалар байқауына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. доцент Қ.О. Сейтказина, тарих факультеті  кәсіби бағдар жұмысына жауапты аға оқытушы Б. Мұратбекқызы, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының аға оқытушысы Б.Ш. Шыныбеков, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының доценті, т.ғ.к., Н.Е. Сайлаубаева, Археология және этнология кафедрасының докторанты Қ.Рахимбеков, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының оқытушысы Б. Ақтайлақ, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының докторанты С.Т. Набиев қазылық етті.

Байқау қортындысының нәтижесінде мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер мен оқушылар үшін өткен «Туған жертуған көше, туған қала тарихы» атты номинация бойынша І дәрежелі дипломмен Касенова Дәмелі (Астана қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы), Даулеткелді Нағима Нұрланқызы (ОҚО Созақ ауданы, Қарақұр ауылы, «Қарағұр» жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы), Енсенов Дулати (Астана қаласы, «№74 мектеп-гимназия» КММ); ІІ дәрежелі дипломмен Нағызқанова Жанар (Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Өмірлік негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы), Манап Әлнұр (Қарағанды облысы «№1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты, 9 сынып оқушысы), Нұрдаулет Еңлік (Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылы), Нургазинова Галиябану (Астана қаласы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы); ІІІ дәрежелі дипломмен Оразай Фатима Нұртасқызы (Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылы), Жаулибаев Серик Калменұлы (Астана қаласы, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназия), Алина Мадина (Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Майқоңыр жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы);

Оқытушылар мен мұғалімдер арасында өткізілетін байқауда«Рухани жаңғыру: ұлт болашағының жарқын кепілі» атты номинация бойынша І дәрежелі дипломмен Елеусизов Ербол Ибрагимович (Астана қаласы, ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі), ІІ дәрежелі дипломмен Бекбергенов Тимур Нұрғалиұлы (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің мұғалімі), ІІІ дәрежелі дипломмен Доскалиев Марат Бахтыгалиевич (БҚО Орал қаласы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, «С.Ошанов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі).

«Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері» атты номинация бойынша І дәрежелі дипломмен Калиева Ботагоз Каматаевна (Ақмола облысы, Көкшету қаласы, Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы), ІІ дәрежелі дипломмен Атымтаева Гүлфайрус Маратқызы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар орта мектебінің мұғалімі), ІІІ дәрежелі дипломмен Мусаева Назипа Қайратқызы (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Максим Горький орта мектебі).

«Ұлттық код:ұлттық мәдениет, салт-дәстүріміз» атты номинация бойынша І дәрежелі дипломмен Төлтаев Нұрлан Даулеткелдіұлы (ОҚО  Созақ ауданы, Қарақұр ауылы, «Қарағұр» жалпы орта мектебі), ІІ дәрежелі дипломмен Аикрапбаев Нурбол Болатбекович (Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясының мұғалімі), ІІІ дәрежелі дипломмен Аманбекова Чинар Бопановна (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбастау ауылы).

Байқауға қатысқан үздік жоба иелеріне алғыс хат пен сертификат беріледі (диплом, алғыс хат, сертификаттарды ұйымдастырушы тарап екі апта көлемінде қатысушылардың электорнды почталарына жібереді.).